ВЕРНУТЬСЯ

    Мен
өлең жаздым...

Сені
іздеп түнде, ерке қыз,

жүректі
мылқау

сен
жүріп өткен өртеп із,

сен
жүріп өткен көшелер,

көгілдір Ай мен

алаңдар сұлу,

Жер...

Теңіз...

Мен
өлең жаздым...

Сені
іздеп

Сәуір - көктемнен,

сауыры
мұңды таңдай боп,

кеудемнен
көшіп кеткенде ел,

жұртында қалған жандай боп;

өртенген
отты шағымда,

оранып
ойым сағымға...

Мен
өлең жаздым...

Алматы
- сылқым қалада -

жастықтың
лағыл бағында,

өртеңдей өндір шағымда;

буырқанып
жүрген кезімде,

көміліп
ерен сезімге,

қарлығаш
құсым ұя caп,

жалт
еткен сенің көзіңде,

өртеніп
ерен сезімге.

Мен
өлең жаздым...

Сені
іздеп түнде, ерке қыз,

Жүректі
соқыр

сен
жүріп өткен өртеп із,

тіл
қатты ғалам,

Махаббат
болып

Жер...

Теңіз...

Мен
өлең жаздым...

Мен
өлең жаздым...

Сені
іздеп түнде, ерке қыз.

қаңтар,
1969 жыл