ВЕРНУТЬСЯ

      Ауыздыларға
сөз бермей

Асыға жүріп өзгермей,

Таразы басын тең ұстап,

Теңселіп тұрған
безбендей.

Елдін сөзіне тез көнбей,

Еңсең бір түсіп езденбей,

Мансапты болған кезде де

Ит көрген ешкі көзденбей;

Басыңнан бір сөз асырмай,

Бағыныштыларыңды
басынбай.

Ақтарып айтар сырынды

Әлдекімдерше жасырмай;

Ылдидан
салса, төске өрлеп,

Дұшпаның бұғып, дос терлеп,

Жана да қоймай бақ кейде,

Қала да қоймай көштен көп;

Ішіп те күліп әр тұста,

Түсіп те жүріп тартысқа,

Әне де міне дегенше,

Келіп те қапсың алпысқа!...

Ұнай ма,
жоқ па бұл батам,

Ұнамаса да
тыңдатам! -

Жүзі кетілмес семсердей

Жарқылдай бер тек, Нұрмахан!

1997жыл.