ВЕРНУТЬСЯ

     Атыңнан айналайын, Ордабасы, 
Жиналған үш
қазақтың Ер-Данасы,-
Егерде олар солай
жиналмаса,
Елдің де қалар
еді жерде басы.
Жердің де жесір қалып, сорасы ағып,
Көрінген қоныс
тауып, қора салып.
Дүниеден қазақ
деген атың өшіп,
Жан-жақтан
тарихыңды таласа жұрт!
О, жоқ, жоқ, жоқ! Құдай оны салмай басқа,
Маңдайды қара
қырсық шалмай қасқа,
Асынып Бірлік
атты алдаспанды,
Аттанған осы
арадан қанды айқасқа.
Осы жер - намыс
туын көтерген жер,
Елім - деп ер
өзегі өртенген жер,
Осы жер - үш арыстан басын қосып,
Жоңғарға
жолбарыстар жөңкілген жер.
Атыңнан
айналайын, Ордабасы,
Бетіңнен бір сүйейін бері қарашы!
Айтшы сен, бар
қазақты біріктірген
Сондағы қандай
еді сөз данасы!
Қазақтың жүрек, жанын жиып алған,
Сондағы қай сөзі
еді, дүние жалған,
Дариға-ай, соны
білсем, айтар едім,
Сонау сөз керек
тағы бүгін маған!
Тағы бір дүр еткізіп, сілкіндіріп,
Тағы бір
буырқантып, бұлқындырып,
Алар ма ек
былқ-былқ еткен бос мойынды
Басына
бағындырып, тұрқын бұрып.
Сол үшін жиналдық біз мына бүгін,
Осы күн -
қасиетті күн, дуалы күн,
Алланың өз
қолынан алу үшін,
Бірліктің, тұтастықтың
куәлігін!