ВЕРНУТЬСЯ

Өрмек жатыр жиегі кекілденген,өнердің өлмес жолы секілденген.Адарғыны ары-бері қозғап қойып,Оюдан ою тауып отыр жеңгем. Жүз бояу жетелейді мың елеске,Ілессең,Ілесіп көр мына көшке.Одырайып қарайды «қошқар мүйіз»,Аяңдап келеді оған «сыңар өкше». Халқымның өнер деген салты-ау ерек,Түр салған «теру ағаш» жалқау ерек.«Мен болмасам тоз-тоз боп кетесің» деп,Ары-бері секіріп арқау әлек. Өнер бұл ардақтаған үкілі елім,Қызыл түске бояуда сүт реңін.- Өрмектің жүзі қайтты, - дейді жеңгем,Демек енді аз күнде бітіремін.  - Өрмегің сөйлеп тұрған өлең екен, -дедім мен, - шеберлігің ерек екен....өрмектей өрнегі көп өлшеулі өмір,сенің жүзің қайтқанда,...не дер екем?