ВЕРНУТЬСЯ

    Жалқаулықты жер қылар қарыс ағыстай,

Шеберлер шықты қайла, балтаны ұстай.

Күн емес, сағат санап өс, Астана,

Алты айда атқа мінген Алпамыстай.

Әспетте Астанаңды тослыма, жыр,

Заулаған көп көліктен шошынба, қыр.

Көшеңнің шаңын басып беремін деп,

Алатаудың бұлты да осында жүр.

Қазақ тіл шаттанды алда бағы бардай,

Алтын тақтан сөйлеп бір ағыларма-ай?!

Қуаныштың көз жасын сүртіп тастап,

Сарыарқа жүр жүрегі жарылардай.

Ертеңгі кереметке асықшы, үміт,

Жалқаулық жиналыстан қашып шығып,

Қазақтың даласынан қашқан жаудай,

Жұтаңдықтар көшеңнен босып шығып.

Сәт туды өскеніңді санап тұрар,

Өс, Астана, сүйінтіп алапты бар.

Хас сұлу бол Париждер мойнын созып,

Лондон кеп таңдай қағып қарап тұрар!