ВЕРНУТЬСЯ

Зыр жүгіріп, құм қуып сауысқан-жел,Суыл үні шағала-дауыстан да өр.Келіп менің кесеме үңіледі,Өз суын өзі ішіп тауысқан көл. Тауысқан көл келбеті күмістей-ді,Күміс кетіп,Мұңыңа мұң үстейді.Құйындарға бәрі бір – шөл ме, көл ме,Құйындар су ішпейді. Ақ гүлін шөлдің демі талап алған,Қаңбақ қана семіріп, домаланған.Шөл даланың сағымы – теңіз сынды,Өзі өліп, толқындары ғана қалған.Толқындары шөл құмын тарамдар-ды,Сол құммен жау ала алмас қамалды алды.Тура жолдан басқа жол білмейтін құм,Кешіп өте шығады адамдарды. Өте шығар үйірін санауменен,Өте шығар өрт демді алауменен.Бақыттың тура жолын таба алмайтын,Адамдарға аң-таң боп қарауменен.