ВЕРНУТЬСЯ

        Пако Камино -
атақты испан матадоры. Өзінің мал фермасы бар. Бірақ сүзеген бұқаларды
өсірмейді екен. Әу баста бұқалары болған көрінеді. Арнаулы сүзеген бұқаларды
баптап өсіріп сататын ганадеростарға кіріптар болмау үшін ұстаған. Алайда
жүре-бара коррида майданының құдайы - Пако Камино бұл пиғылынан айныған.
-        Мал екеш мал да,
адам секілді, үйірсек келеді. Мен бұзауларымның күн сайын құлпырып, күш алып өсіп
келе жатқаиын, ақыры сұлу мүсінді бұқаларға қалай айналғанын көз алдымнан
өткіздім ғой. Қайсысының болса да мінез-құлық, қылықтарын бес саусағымдай
білемін. Олар да иесін таниды. Одырая қарамайды, қасынан өтсең, мойындарын
созып жақындағысы келіп
тұратынын сеземін. Ал осындай шаңдақы алыптарға қалайша
қылышыңды көтере алмақсың. Фермада бұқаларды өсірмейтін себебім осы, - дейді
екен атақты матадор.
       Бұл нені
танытады?
      Адам баласына
етін, сүтін, терісін сыйлағаннан басқа түк жазығы жоқ әукелі жануарларды
айқайлап, шулап, жер тепкілеп құтырынып жатқан сан мың адамдар алдына алып
шығып, қызылмай етіп сілікпесін шығарып, ақыры есінен танып тұралап болдырған
кезінде қолқасына қанжар сұғып өлтіру, соған мәз-мейрам болу - бір кезде
арыстанға жем болатын гладиаторлар
өлімін қызықтаған жабайы тобырлардың қуанышына ұқсай кетпей
ме екен?
       Қалай десең де
коррида аренасында жекпе-жек шығып сан-сан алып бұқаларды жайратып, қаумалаған
сан мыңдаған халықты қызыққа батырған, сол шеберлігімен даңқы шыққан, сол
кәсібімен қалтасып қалыңдатып жүрген әйгілі матадордың мына сөзі испан еліндегі
коррида ойынының негізіне күдік-күмән, шүбә келтіре ме деп ойлаймын.
       Ал шүбә туғызар
жайдың бәрі де адам табиғатына жат болса керек-ті.