ВЕРНУТЬСЯ

Көше шамы жанады жалынсыз-ақ,Көбелектер қонады бағын сынап.Тал-терекпен таласып сол көшеде,Бағаналар өсiп тұр тамырсыз-ақ. Тамыр тартып кетермiн, бәлкiм, дейдi,Үмiтпен өмiр сүрген әркiм дейдi.Жапырақ жайсам дейдi ол жазған да,Сабырдың түбi сары алтын дейдi. Қала бұл – шапшаңдықтар бекетiндей,Оған тек қыстың сөзi өтетiндей.Өлең жайлы жұқалап айтайын десем,Жұп-жұқа сөз сетiнеп кететiндей.Мәшинелер ұйықтайды өз тұрағында,Осында жүр жауабың, сұрағың да.Бәрi бар,Тек сағыныш жоқ секiлдi,Қоғамның химиялық құрамында. Түсiнем. Қоғамыма мойыма деп,Айтамын, айта берем қайыра кеп.Сағынышпен саясат жасалмайды,Жасалса, шекаралар жойылар ед. Жойылар ед жаралы майдан ана,Түсiндi дейсiң оны қай замана.Ал әзiрге күзетiп сағынышты,Шекаралар шөлдейдi айдалада.        * * *Тәуелсіз Қазақстанның көк байрағында            қыранның бейнесі бар.Ой, заман,Талай заман өтті нелік,Тегіңді Ата жұрттан кетті бөліп.Көк бөрі Көк туымнан қарғып түсіп,Түркінің тегін іздеп кетті делік. Іздейді олҰлы ойлардың орманынан,Іздейді ұлы Қытай қорғанынан.Каспийден аттап өтіп бір із кетті,Дунайға қарай тартты жолда бір ән. Бүгін менің түсіме теңіз кірді,Қатар еміп тұр екен сегіз күнді.Ер Түркінің тұқымы, сен не дейсіңЖүрегіңде жұлдыз тұр сегіз қырлы.Сегіз қырлы бір жұлдыз,Төрге ілемін,«Сегіз қырлы, бір сырлы бол» дегенің.Сегіз өрім қамшы өріп қолға ұстаттың,«Біріксең күшің қандай, көр!» дегенің. Сегіз қырым,Бір сырға айналалық,Ер Түркі бақ табады қайда барып?!Жарты Ай кетіп барады көк жүзінде,Көк туға қонсам-ау деп ойға қалып. Көк бөрі көрінді аңыз алабынан,Көзінен жас емес-ау тамады қан.Көк тудың күн көтерген айдынынан,Көрінді Күн көтерген ана қыран.Кел, Қыран!Жанды бағы үні бардың,Маңдайында жап-жарық күні бардың.Күнге лайық елміз біз,Бөріліктің,Арқасында өлмедім,Тірі қалдым. Қыран қанат ел болдық,Бөктері кең,Күннен ұшып жаныма от келіп ең.Тілек тілеп жұртына дала жатыр,- Көз жазып қалмаңдар тек көк бөріден.