ВЕРНУТЬСЯ

    Соғыстың көріп сұмдығын,

Жетілгем мен де кектеніп.

Көре алмай өмір шындығын

Қаншама ерлер кетті өліп?!

Мінезі жуас, жайдарлы

Ұқсамай
терең теңізге.

- Беріл! - деп күнде айбарлы

Айқайлайсың сен бізге.

Аң біткеннің ішінде

Арыстан ғана айбатты.

Жаралған жойқын пішінде

Жолбарыс жойқын қайратты.

Айбарлы, сұсты көрінген

Арыстан да берілген.

Көзінен ызғар төгілген

Жолбарыс та берілген.

Білетін қартта, бала да,

Сыр айтам, тыңда егілмей.

Күн кешкен еркін далада

Көкжалдар өлген берілмей.

Қаптаған топан тасқыңдай,

Екі елі кейін шегінбей, -

Шешен де көкжал бөрідей,

Өледі жауға берілмей.