ВЕРНУТЬСЯ

Белгілі Пәленұлы... залым еді!..Қасқаның – шайтандығы қалың еді!..Жалғанда қиянаты  жаннан асып –Талайдың көз жасына қалып еді!.. Бір күні Пәленұлы...Құлап түсті!..Қонақ қып – туыстары ұзақ күтті...«Құдайдан былай емен!» дейтін ерді –Ауылдан оқшау жатқан қырат жұтты!.. «Жәмиғат!.. Пәленұлы – жақсы адам ба?..»Деп біреу үш қайтара қақсағанда:«Жақсы адам!..Жақсы адам!..» - деп шулады жұрт-Осындай баға беріп «қасқа» жанға!.. Жаманды қай қылығы көгертеді?..Біздің жұрт саясатқа шебер, тегі!..Біреуді өмірбақи сыбап жүріп –Өлгенде: «Жақсы адам!..» - деп жөнелтеді... Құдайға жазып пенде қағынады!..Шындыққа молада да жарымады!..Шайтанды – періште қып шығармай-ақ...Үндемей қоя салса не қылады?.. Ағайын, боқтан – алтын іздемеші!..«Жаманды – жақсыменен бір» демеші!..Залымдар аңдап басып жүрсін десең –Молада, ең болмаса үндемеші!..                              Наурыз – 2007