ВЕРНУТЬСЯ

Сел келеді есесi бiр қайтардай,екiленiп, бiзге бiр сөз айтардай.-Сабыр ет,- деп, -тоқта, - демен биiкте,шыршалардың жағы талды айқайлай. Әрнәрсеге жори берем өзiмше,Шыдамның да көбесi бар сөгiлсе.Таудағы көл –Ол таулардың көз жасы,қауiптi ғой тау көз жасы төгiлсе. -Дегенмен, - деп тағы ойлаймын өзiмше,-қала мынау, жерi де тар шегiнсе.қара тасын селге ертiп жiберген,бұл – таулардың қателiгi менiңше. Сел келедi,Ол бiр ойға бекiндi,Түсiнбедiм. . . қайда бұрдың бетiңдi?Сел келедi,Домалатып тастарды,. . .таулар бiзге тас лақтырған секiлдi.          * * *Ей, Нарыным,Құм-қобыз боп тарихты қазған,Кеудең толы сазды ән,Махамбеттiң даусын саласың,Мұхит боп ойлап,өзен боп жазған. Уа, Нарыным!Шөл иесi – сары құм.сен жалқын нұрсың,әлде сарғайған мұңсың,әлде, шыныңды айтшы,кiмнiң көзiне құйылған құмсың? Әлде сен –жүректi баурар,жырмысың  ақ қағазға саулар?Әлде сен –елеспiсiң құйын боп заулар? Жоқ!Жыр да емес бұл, елес те емес заулар.Махамбеттiң басын кескен жаулар,Тоқтатпаса арам шөптей қаулар.Бұл –соларды тұрмастай етiп көмем деп,Құм болуға дейiн шегiнiс жасағанТаулар!