ВЕРНУТЬСЯ

Сен мені түсін, есіл күз,Қимасым!Естен кетпесім!Шықты да сенен кесілді із,Арманға білді ол жетпесін. Қос жанар –Ол бір егіз көл,Жеткізе алмай қиналам.Арманым көр де –Теңіз көр,Толқыны суға сыймаған. Үүндерін санап қауыстыңАқ қағазға айттым сырымды.Сия ғып түнді тауыстым,Оқыды ол талай жырымды. Дәптерде жатты күллі аспан,Жұлдызы түгел көшті еріп.Жұлдыз боп біз ғой сырласқан,Таң атқанда да өшпедік.Өшпейтін әнді толға, күн,Жүз келіп көктем,Жүз кетті.Сағыныштардың салмағын,Сары күз ғана білмекті.                       * * *Жел келеді жібек түнді кимелей,Ай – аспанға таққан алтын түймедей.Жылт-жылт етіп жылға ағып барады,Ертегіден түсіп қалған инедей. Бар әлемнің бар қызығы тең келмес,Жастық шағың –Бір қонуға келген көш.Жастық кетті.Кетті міне тағы да,Бір күнімді бөліп ішіп таң мен кеш. Сары дала құс даусымен түрленіп,Тәтті өлеңдер жанға қонып,Тілде еріп,Сенім, шіркін,Сексеуілдей қатайып,Қара тастар ойлануды үйреніп. Елді оятып жүрсе дедім тұмса леп,Шартараптың бар назарын бұрса бек.Шыбық ектім тақыр жерді оятып,Ақыл-ойда орман шулап тұрса деп.                  * * *Өңі негі бұзылады аспанның,Көкжиекке қойып кетті қашқан күн.Шаңы шыққан жұтаң ойдың бетіне,Қара түннен жұлдыз-жұлдыз жас тамдың. Аспан, сені түсінемін,Көрікті ер,Еш нәрсеге селт етпейтін кейіпте ел.Мен де –Қызыл, сылдыр сөзден мезі боп,Романнан қашып шыққан кейіпкер. Қиял ғой жәй «қашып шықтым» дегенім,өмір – автор, не десе де көнемін.Орта көңіл одан әрмен ортайып,Толмайды бір түбі тесік шелегің. Өмір – автор,Қырнамайтын, жонбайтын.Қысқартпайтын,Керек жерін созбайтын.Тағдырымды тасып бердім қолына,Тараулар тұр өзгертуге болмайтын.Мен – кейіпкер,«Тұр!» деген соң тұрамын,«Жүр!» деген соң, жүріп келем,...құладым.Тіпті ештеңе қосуға да болмайды,Қандай қатал автор еді бұларың. Жыртып-жыртып бойкүйездік қоғамын,Сағынштан алтын сарай соғамын.Мың жылдан соң қайта өмірге келгенде,Сөз жоқ сонда дұрыс автор табамын.