ВЕРНУТЬСЯ

Ұлы сенiм!Қонады ол таңдай елiн,Сонымен өмiр сүрер талмай ерiң.Қоймаңдағы сақтаулы байлығыңдай,Сенiм деген, шiркiн-ай, қандай едiң? Сол байлықты ұрлатып алмасам деп,Ұрлатып ап. . .кедей боп қалмасам деп,Үмiт пенен шаттықтан күзет қойып,Көмектес деп өлеңге жармасам кеп. Сенгiм келед тауға да, белеңге де,Тайызға да, тұңғиық тереңге де.Кәдiмгiдей. . . Шынымен сенгiм келед,Осы өмiрдiң мәнi бар дегенге де.                       * * *Көнбiстiктi қадап алдық түйме етiп,Көшпелi күнБердi бәрiн үйретiп.Тоқырау жыл,Ол да кеттi өкiне,Ұрандардың өлiктерiн сүйретiп. Өкiнiшiн алып кетшi шулатпай,Кербез уақыт көз алдайды бұлғақтай.Берерi жоқ күндердi де,Амал не,Жұта бердiм құрғақтай. Қайшылықтар –Жылқы дауыс, түйе бет,Күншiлдiктiң күлiнде отыр үйелеп.Надандықпен айқасам деп жүргенде,Жылдарымды тауысады-ау күйе жеп.Өлеңiм-ай! Ол да өкпелi сыңайлы,Күрсiнедi. Түнде оянып жылайды.Ақтық демiн алақанға салып ап,Келедi үнсiз,Менен өмiр сұрайды. Ал мен деген –Тiршiлiктiң құрбаны,Уысымда қалған өмiр жұрнағы.Сол өмiрдiң шаңын сүртiп әуремiн,Тереземде - қайтып жатқан тырна әнi. Белгiсiздiк араласып тағдырға,Сұрақтардың сары даласы – алдымда.қақсып келiп сағыныштың шөлiнен,өзiмдi өзiм жасырамын жаңбырға. Шырмауынан шыға да алмай ас үйдiң,Жандүние түкпiрiнде жасиды үн.Сонда-дағы мың түсiп мен мың шығып,Үмiтiмдi тау басына тасимын        * * *Жаңа қоғам.Су жаңа Мұң.Таң алды.Айна алдында Асығыстық таранды.Жетiмдердiң үйiне әкеп өткiздiк,Тiсi түсiп, шашы ағарған моральдi. Аштық отыр тоқтықтан өш алғалы,Шегелер жүр өлтiрем деп балғаны.Қара бояу қашып шықты қарғадан,Бар бояуға патша болу арманы. Құмырсқалар кешiккендей ұлы iстен, жүгiредi.Жаңғырықтың шуы үстем.Жасандылық жарқ-жұрқ етiп ұшады,Күлкiлерге тағып қойған күмiстен.Маңғаз қарап бағасы асқақ  Бұйымдар,Адам - оның жанындағы үйiндi әр.Қағып-соғып, көмiп өте шығады,Сырты тiрi, iшi өлi құйындар. Сан пiкiрдi тапап өтiп сан талас,Бiр үзiм күн, сенiң шуың тарқамас.Өмiр деген бақыт та емес, сор да емес,Өмiр деген - үстемдiкке жанталас.                *   *   *Тепкенде темiр талқандап,Шапқанда өрттей шапшыған.Бақытты төрге арқандап,Қоятын қайда қас қыран? Тектiлiк, сенi қорғалап,Тас шайнап туса керек-тi.Жаңбырдың бетi сорғалап,Көңiлдiң iшiн көл еттi. Ортадан өмiр ауғанда,Уыста тұрмас қашқан күн.Таусылады екен таулар да,Тұсауын кесiп тастардың.Ауыздығымен алысқан,Тоқтамай кеттiң, алау шақ.Жүгiрем ендi намыстан,Жалқаулықтарға жамау сап. Тас дәуiрдегi тасыңды,Қайрат қып кекке жанып ап,Оятсам ба екен ғасырды,Сона-а-ауМұз дәуiрiне малып ап. Үйретсiн саған мұздықты,Есiнеп мәжiлiс құрмасқа.Сорыңнан алам тұздықты,Соңыра жидiп тұрмасқа.