ВЕРНУТЬСЯ

          Сонау-сонау Колыманың түбінен, 
Талай сабаз
сүйектері шіріген
Мұз-моладан
қайта-қайта түре кеп,
Өліп барып,
қайта-қайта тірілген
Қайратыңа таң
қаламын, ағажан,
Кескініңе қарап тұрып
бүгін мен!
Айнымайсың Аспаһани қылыштан
Соққан бір кез
асыл болат құрыштан,
Батырлардың
балуан қолын талдырып,
Шыққан талай
қанды қырғын ұрыстан,
Шын мықты екен
сені солай жаратқан
Көкте отырған құдай
деген бір ұстаң.
Тамаша актер, сергек сері, жақсы ақын,
Құпия жан - ешкім
білмес мақсатын,
Такаббар ұл
таудан биік кеудесі
Адам түгіл, бұлт
табаны баспайтын,
Осы күнгі осал тұқым,
нәсілден
Ондай ұлды туа
алмайды еш қатын.
Шахаң-Шахан - шаң жүрмейтін маңынан,
Таза туған ақ сүйектер табынан,
Дауыл соқса жығылмаған бір шынар -
Тағдыр өрті талай
оны қарыған,
Көргіш екен
Рабиғадай қасқыр қыз
Азаматтың
арыстанын таныған!
Сексенде де сенде
жанар ұшқын көп,
Кызығамын отқа
бірге түскім кеп.
Қызығамын
"өмір" деген сахнада
Ең болмаса бірге
ойнауға үш күн кеп.
Мақтанамын мен де
бірге жүрдім,- деп,
Жүргеннен соң
бірге шарап іштім,- деп.
Бар бол, Шаха!
21 желтоқсан, 1993