ВЕРНУТЬСЯ

  Ахмет Мұрадовқа

Тәңірге де жүгініп
бас ұрмаған,

Жігіт боп та сөйлесем жасындаған.

Ашпай, сірә, елшілік көпелдердің

Өзге жұртқа есігі
ашылмаған.

Салмағынан ғасырд ың иық талып,

Сорладым ба көп жерде
күйіп қалып.

Есігінен ел қанша қаратпайтын,

Жұмыртқадай
тас бітеу тұйықталып?

Азаматы айналған көшелі ерге,

Ашпаса да елшілік шешендерге.

Ашық ылғи ұстаған ақ көңілін

Мың рахмет қазаққа көсем елге.

Азып-тозып жеткенде
пана болған,

Айдап шықпай далаға, көшелерге.

Қабырғалы қазақтың арқасында,

Өсіп-өніп айналған шешен елге.

Айналайын қазақтан өсіп те өнген,

Тал бойынан қызыл ет кесіп берген.

Ашпасақ та елшілік есігі ашық

Шешендердің бәріне көшіп келген.

Өзге жұрттан қазақ боп тумағасын,

Біліп жатыр
шешеннің кім бағасын?

Елшілікті ашудың қажеті жоқ,

Өз байрағың желбіреп тұрмағасын.