ВЕРНУТЬСЯ

    Әшірбек Сығайға

Қоншы менің кеудеме...

Жыршы құс, кел!

Жаралады жанымды іркілістер.

«Азап» атты аралда жалғыз қалдым,

Жыр - жанартау, ояншы!

Сілкініс бер!

Шендестірем деп жүріп ғалам
күшін,

түсінбеуге айналды заманды
ішім.

Өмір - сахна...

Шаршадым «ойнаудан» мен,

Намыс...

Жігер...

Бармысың?

Аманбысың?

Театрдың төрінде - кіл «мықтылар».

Мизансцена:

Бас иіп, «шұлғып» тұрар.

Абай ата дәуірі оралғандай -

өрге басып өтірік, шындық құлар.

Шындык құлар кез келді...

Ғасыр - аңыз...

Айтқандарды «аластап», қашырамыз.

Қайдасың сен?

Қайдасың, Жасын-Өлең,

айтпай бәрін қашанғы
жасырамыз?!

Арым...

Жаным аңсады...

Жыршы-құс, кел!

Аспанымды тарылтты
іркілістер.

Мансапты мен шендіні шектейтіндей,

тым құрыса бір сөз бер!..

Сілкініс бер!..

Адам жанын жаңғыртар
сілкіністер...

сәуір, 1976 жыл.