ВЕРНУТЬСЯ

 Жақыным
- достар жанашыр,

Жатырқаушы
едім жатты көп.

Сен
келдің қызым

Барасың,

Бәрінен
соның тәтті боп.

Бұрынғы
көңіл көңіл ме,

Тасытып
мені жеттің сен.

Тәттілер
көп ед өмірде,

Бәрінен
басып кеттің сен.

Әкенің
көңілін елеп пе ек,

Түскенде
білдім басыма.

Баланың
орны бөлек пе ед,

Айнала
бердім қасына.

Кіргенде
келіп есіктен,

Аңсарым
соған ауды да.

Беліңді
шешіп бесіктен,

Баурыма
қыстым, бауырыма.

Ұйқыңнан
сол сәт оянып,

Қарадың
шарпып отты леп,

Бұлқынып
құттай аяғың,

Кеудемді
жатты тепкілеп.

Шаршасам
алған тынымым,

Өзіңмен
ойнау болар ма.

Итерме
саған құлыным,

Сірәда
шөлім қанар ма.

Келгенде
көңілім басылып,

Ойнаттың
беттен отымды.

Баласы
ең шалдың жасырып,

Сүйейін
тосшы бетіңді.

1975 жыл.