ВЕРНУТЬСЯ

    Солдат қарлы окопта жатты! 
Қатерлі майдан даласы.
Мейрімді анадай
үңіле қапты
Ту сыртынан туған
қаласы.
Ал алдыңғы шепті
Ажылдаған ажал
минасы жапты!
Солдат қарлы окопта жатты!
-        Граната!
Граната!
-        Оң қанаттан
танк келіп қалды! Бұл кім,
Дауысы неткен күшті!
Солдат басын көтеріп алды.
Жүрегі дір етті
де, бұға түсті,
Ал оның сол білегін
Бір жалын жалап ұшты...
- Граната! Граната!
Солдат ызалы еді қатты.
Ерінін жымыра тістеніп алды.
«Тигр» окобына төніп
те қапты.
Солдат құлашын жазды...
Ал, танкті жасыл жалын жапты.
Мүмкін ол
свастикалы «тигрді»
Жүрек отымен
жақты.
Солдат ызалы еді қатты!
Кривой-Рог, 1944