ВЕРНУТЬСЯ

       Сөзің балдай, Дүрия -ай, өзің қандай!

Қарай бергің келеді көзінді алмай!

Ағалыққа жарамау - ауыр күнә,

бара жатса қайтермін төзім қалмай!

Үміт, күдік кимелеп, қыспаққа ала,

ақылың да алмады-ау ұстап қала,

бір албырт күш ырқыма көнер емес,

тозаққа да жетелеп, ұшпаққа да...

Үлкендігін жасымның пайдаланып,

қиялыммен кетсем бе байлап алып?!...

Белгілі еді тұзаққа
тұтылмасың,

...құтылмасым
менің де айдан анық!