ВЕРНУТЬСЯ

                                                                             Ізтұрған Тұржанұлына Сталинград.Жер үсті шұбарланды.Оқ борап тұр талқандап тұман-маңды.- Біздің жерде осылай қар бораушы ед…Сталинград.Қылдай боп шыдам қалды. Қан майдан.Алыс-жұлыс, талас мына,Түнді жалмап, сан рет таң асты да.Ысқырынған алапат өрт әлемнен,Қара жер қашып кірді қар астына. Оқ борайды.Қосылып қар борайды,Ақ боран жау деп, дос деп таңдамайды.Біліп болмас – оқ қайсы, қары қайсы,Ажал боп ойрандап жүр бар маңайды.Он сегіз оқ тиіпті – жайдың сырды,Ол енді, әке, сендегі айбын сынды,Жан шыдамас жарамен түрегепсің,Ажалды жұтпақ болған айдын сынды. Үміт етіп құрайды ер құрамасты,Тәуекелі жетелер құламасты.Пулеметке қайтадан жармасқанда,Ажал да дәл жаныңнан тұра қашты. Бір қолың қалды жауды бүріп ұстап,Бір қолың келді Жеңіс Гүлін ұстап.Тағдырды, әке, көтердің бір қолменен,Бізді өсірдің тірліктің ығына ұстап. Суретің төр бөлмеде отыр, әні,өмірдің соған көшіп оты, мәні.өзің кеттің алдыңнан бұйырды да,Қамысбай әулиенің топырағы.…Өтті-кетті адамға қас замандар,…қаладан пәтер алдық.Дос-жаран бар…- Көршілерің қазақ па? - деді шешем,- Қазақ емес, немістер. Жақсы адамдар. Мөлт еткізіп көздегі жасты неге,Шаршау жүзін бір үрей басты неге?Сәлден соң шешем баяу күбірледі:- А-ай, шырағым… ,немісті жақсы деме! Соғыс даусы санада жаңғырады,Өшпейді жамандықтың тарғыл әні.Өзінің кім екенін, тарих, саған,Әр халық өзі жазып қалдырады.