ВЕРНУТЬСЯ

«Ескерткіш-кесенелер» дегенде – Маңғыстауда жағдай қалай болып жатыр?.. Ендігі сөздің арқауы осы......Тіршілік ауанымен жолға шықпай тұрмайсың. Сондайда, туған өлкенің қаласы ме кентіне, әлде , ауылына бар, назарыңды ерекше аударатын нәрсе: белгілі тұлғаларға қойылған ескерткіштер, соғыстан оралмаған боздақтарға һәм тәуелсіздікті айшықтауға арналған ірілі-уақты монументтер. Біз, сәулетші-мүсінші маман болмасақ та, үлкен қалаларда көргені, аз-маз оқығаны бар журналист болғасын, әрине, олардың тұсынан – сын (нақтысы, жанашыр. Авт.) көзбен қарамай, ой түймей өте алмаймыз!.. Сонда солардың көпшілігінен айқын аңғарылатыны, ниет түзу болғанмен, кәсіби шеберліктің, біліктің кемдігі, талғамдағы қарабайырлық!.. Әзірге одан асқан үлгіні көрмеген ауыл баласының олардан алатыны, әрине, сол қарабайырлық қана!.. Рас әлгіндей белгі-кешендер салынған тұста, әсіресе, ауылдарда талғам-білігі жоғары шеберлердің табылмағаны, қаржының жетіспегені, қолдың қысқалығынан  «барымен-базар» болғаны да белгілі. Көзге қораштау көрінетін олардың пәлен жылдар бойына, белгілі дәрежеде, патриоттық тәрбие құралы болып келгенін, әлде де «көзге шыққан сүйелдей» болып тұрғанын түсінеміз. Сөйте тұра кезеңдік ғұмырға ғана ие сол құрылыстардың күні өтіп бара жатқанын, оларды жаңалау қажеттігін де пайымдаймыз.«Ауылға – жарай береді!»- дейтін бәкене түсініктен арылатын кез жетті емес пе?! «Қазақтық қалпымыздың, ұлттық мәйегіміздің көзі...» - деп күмпілдегенде – дауысымыз жер жарады!.. Қашанғы алдаймыз?.. Қашанғы алданамыз?..