ВЕРНУТЬСЯ

    Жұрт сәби ме аяғын жаңа басқан,

Түк кермеген бейбақ па бала жастан.

Қаңтарылып тазасы
арғымақтай,

Тез етеді тосол су араласқан.

Қымбат керіп тазаны,
маржан көріп,

Су тосолды алады арзан көріп.

Қаңтарылып шын тосол
кешке дейін

Кәрі қыздай етпейді қалсаң да өліп.

Таза жүрген сорлай
ма кештен қалып,

Құлап қала жаздадым естен танып.

Жұрт алмайды қымбат деп шын тосолды,

Жұмыр жерді жыңғылдай ескен жарып.

Кеуде керіп жайлауда алшаңдаған,

Жұрттың,
сірә, кезі ме арзандаған.

Миы сулар суға әлде ұмтыла ма,

Тосол боп та өздерін қанша алдаған.

- Төр ұсынған
шабаны, жаманына,

Қара, - деді бір қарт кеп, - заманыңа.

Арпа, сұлы бұл күнде озған жоқ па,

Ақ бидайдың жармасқан
сабағына.

Дүниенің бәрінен құр қаласың,

Көрінгеннің қарасаң қабағына.

Күн кешпеген шын асыл жазаланбай,

Жөніңе көш, шырағым, мазаланбай.

Кім қызықсын тазаңа жалған дүние

Шаң-тозаңнан арылып, тазаланбай...