ВЕРНУТЬСЯ

    Толтыр, солдат, бокалыңды, 
Толтыр, тойдың құрметіне!
Бітті соғыс,
тоқталды қан,
Қан тоқталды жер
бетінде.
Қағып жібер қалдырмастан,
Қалдырмастан жалғыз тамшы!
Әкел  гармонь, ойна жігіт,
Жеңіс жырын
басташы әнші!..
Кел, билелік, Вена қызы,
Сен емессің жазықты жан.
Астанаңа алып
келдік
Ресейден азаттық
таң!
Күл, көгілдір
Дунайыңдай
Қарашығың толсын нұрға.
Вена қызы,
жасқанба сен,
Еркін биле, қосыл
жырға!
Иоганның музыкасын
Гармоньшы дос басташы бір!
Азат Вена орманынан
Тыңдалық
біз ғажайып сыр.
Толтыр, солдат, бокалыңды,
Көтер, тойдың құрметіне.
Ақпасын жас,
тамбасын қан
Бұдан былай жер
бетіне!
Вена, 1945