ВЕРНУТЬСЯ

   ("Қараторғай" әніне)
   Туған елім, 
Өскен жерім,
Дұшпанның қайтып келем
Үзіп белін!
Туған ел, аңсап келем, құшағыңды аш,
Аймалап солдатыңды төсіңе бас.
Жау оғы жаралаған
көкрегіме,
Күн күліп
көкжиектен нұрыңды шаш.
Туған ел, аңсап келем жат өлкеден,
Жау торып қан
майданда жүргенде мен
Жүрекке жігер
беріп, бойға қуат
Ажалдың аранынан
сақтадың сен.
Туған ел, қасиетті алтын бесік,
Оралдым дұшпаныңды
тізерлетіп,
Еңбекті аңсап келед алақаным
Пайдалан құрлысыңның
солдаты етіп!
Туған елім,
Өскен жерім,
Дұшпанның қайтып келем
Үзіп белін!
Москва, 1946