ВЕРНУТЬСЯ

  Туған
елдің шежіре шалдарындай,

көз
ұшында - Тянь-Шанның шоқылары.

Бала
күнгі қол созған арманымдай,

бала
күнгі сырларым оқылады...

Жүгіреді
бір тентек балақ түріп,

күбірлейді
кәрі әже «шырағым» деп,

тау
суының толқыны құлап-тұрып,

маңдайымды салқын жел тұрады үрлеп.

Әлдеқайдан
шәуілдеп ала күшік,

ала
күшік басады желікпесін.

бала
күнгі тырналар барады ұшып,

бала
күнгі аспанның керіп төсін...

Жамырасып
шалғындар көк белдегі.

үлкен
жолдың бойынан шаң ұшады.

Сағым
ойнап түу сонау көктемдегі,

кимешекті
қырларым жарысады.

Туған
елдің шежіре шалдарындай,

көз
ұшында - Тәңір тау шоқылары.

Бала
күнгі қол созған арманымдай,

бала
күнгі жырларым оқылады.

қараша,
1968 жыл.