ВЕРНУТЬСЯ

Кереге күндер керіліп,Жинала қалар кешкісін.Тоқтатам деген мені ұғып,Даусымды қайдан естісін. Ақ дәптерде – түн қазір,Шаммен бірге сөнемін.Сен ояттың, жыр-мәзір,Батқан күндей жоқ едім. Көше даусы ырылдап,Қара түнді талайды.Алатауды сығымдап,Ақ қар, көк мұз қарайды. Түн барады таңға ауып,Мұң қарайды кеседен.Көңіліме қар жауып,Мұз бола ма көсегем. Ұзақ түнім шынында,Таңға айналып барады.Кеседегі мұңым да,Қарға айналып барады.             * * *Жетегінде сері күннің,Ұмыттық сан бейнені.Желбірейді көңілімнің,Киілмеген көйлегі. Күз де келді сырға көрік.Қыс пен жазға араша.Қонып жатыр қырға келіп,Қырау-қырау қараша. Армандарым жанды қанша,Алыс-алыс күндерде.Көңілдерден көрдім арша,Жұлдыз-жұлдыз түндерде.өтті, кетті сағым айым,заман ойды сілкілер.Моншақ қылып тағынайын,Жалғыз тамшы күлкі бер. Баяғыдай шақыршы, үмті,Шықты тағы шатыр-күн.Нала-мұңға батып-шығып,Мен де келе жатырмын.               * * *Қалтасы қалың күледі нарық,Сөнердей болды жыр-ошақ.Өлеңім тауға түнеді барып,Түсіне ұлар ұя сап. Сүйендім түннің босағасына,Өлеңім күзге ат байлап.Өлген сезімнің Қособасына,Келе беремін жоқты ойлап. Төгеді жапырақ жасылын жерге,Сал күзге есік ашып бақ.Ақ ала таңға тасыдым мен де,Қап-қара түнді қасықтап.Жаз ғұмырға да келеді бесін,өкініштерім, қал жұртта.Кетіп барады келелі көшім,Сағыныш артып сандыққа. Ертеңін болжап қылықты өмірдің,Жоқ іздеп қысты жол еттім.Жетім түйесін сынық көңілдің,Көктемге айдап әлекпін.