ВЕРНУТЬСЯ

          ...Өткен ғасырдың 80 жылдары сол кездегі Кеңес Одағының
астанасы - Мәскеу қаласындағы аты әлемді шарлап кеткен Бауман атындағы жоғары
техникалық оқу орнына одақтас республикалардан қабылдануға үміткерлер келіпті.
Үміткерлермен осы оқу орнының байырғы оқытушысы, бір профессор армян шалы
кездесіп әңгімелескен. Кезек Алматыдан келген 
бойжеткенге тиеді. Армян шалы оған былай депті: - Сен Қазақстаннан келіп
отырсың. Қазақсың, яғни сол ұлттың өкілі болып табыласың. Жақсы, мен саған
ғылым мен техникаға қатысты сұрақтар қоймайын. Ал қазақсың ғой, сол ұлттың бір
әнін ана тіліңде айтып берші, - дейді.

Әлгі бойжеткенде үн жоқ.

-Сен ән білмейсің бе?- Басын изейді. -Онда ана тіліңде
мақал-мәтел айт немесе сөйлеп көрші,- Мәңгүрт жазған не істерін білмей, :-Я
почти русская,-деп қақылдай берсе керек. - Жұбайым-орыс, айнала- орыстың тілі,
оған онша зәру емеспін. Сенің қандай қазақ екеніңді білгім келген. Өрең төмен
екен, үйіңе қайт!-  деп, ұлтын ұятқа
қалдырған шөпжелкені бөлмеден шығарып жіберіпті әлгі армян шалы. Әрине бұл
жағдаятқа қандай ма болсын, түсінік беру артық....