ВЕРНУТЬСЯ

    Түс
көріппін..

Күндізгідей
анық бұл:

Ақ
кептер кеп тереземді қағып тұр.

Жатыр
екем ақ мақтаға оранып,

Тәтті
ұйқының ләззатына қанып бір...

Түс
көріппін...

Күндізгідей
анық бұл:

Көз
алдымда ақ шырақтар жанып тұр.

Отыр
екем машинкаға үңіліп...

Тұра
келсем ұйқым әбден қаныпты.

Түс
дегенім -

Былай
екен анық бұл!

Аппақ
ұлпа жерді қымтап алыпты.

Машинканың
тырсылына ұқсаған

Ақ тамшылар тырс-тырс етіп тамып тұр.