ВЕРНУТЬСЯ

Болыпты бір іс күлгендей,Тығылмақ ойнап жүргендей.Жүз бойжеткеннің ішінде –Көріппін алғаш түсімде... Ай болған кезде - жарты нан –Өңімде көрдім артынан.Жеп қойғым келгем «айымды» -Түсінесің бе жайымды?.. «Жарық барында көрінбе,Түнде кел, түнде, ерінбе!..Аңсарым менің, сенің де –Кезек берейік ерінге»... Дегенмен  солай ың- шыңсыз,Қалғансың сен де үн-түнсіз...Кеудеме басың құлап бір,Тұрғансың сосын жылап құр... Сезеді құрғыр жүрегім,Ұзамаспыз-ау, білемін.Ойыннан шыққан от шығар –Жарасымы да жоқ шығар!.. Тығылмаққұмар «ұрымын»,Ай-шалық жанның бірімін!..Сыпсың сөз шықпай тұра ма?..Сол қыздың атын сұрама!..                                             1967 ж.