ВЕРНУТЬСЯ

   Тырналардың қанатын талдырып
қыр,

көз ұшында - көк орман жаңғырып тұр;

дихан-жүрек салтымен
жылдағыдай,

жалғап жатыр тынымсыз
мәңгілікті.

Мөңгілікті...

Ерлігі...

Еңбегімен...

Жұмыр жерді

оятып жөргегінен,

бөлеп жатыр

қайтадан бесігіне,

нәрестедей

әлдилеп тер-демімен,

Еңбегімен...

Әлдиімен...

Ән-күйімен...

Шалқыған алабымда,

қазбауыр бұлттарымның балағында;

көктем көшіп келеді

жер бетіне,

дихан-жүрек тандардың
қабағында.

Дихан-жүрек кештердің
өртіменен,

соқалардың тісіменен жер
түлеген,

боразда боп тартылып
бел-белесте,

көктем көшіп келеді

шертіп өлең.

Ән-күйімен...

Мәңгілікті жалғайтын

«Әлдиімен...»

сәуір, 1976 жыл