ВЕРНУТЬСЯ

Ұмыт мені, өтінем, звондама,Тоғыспаймыз екеуміз бір арнаға.Ұшқындаған сезімнен от шығады,Қалсын бұл да аян боп бір Аллаға... Кінәлама, есіңе ап жылама да,Бір орында бұл уақыт тұра ала ма?Ойлашы өзің, менде – күз, сенде – көктем,Екеуі салтанатын құра ала ма?.. Ұмыт бәрін, қайтесің мұң арқалап,Мұңлы болсаң, құстайсың сыңар қанат.Көрген түстей көңілде елес қалсын,Аласұрған жүрегің тынар әлі-ақ...