ВЕРНУТЬСЯ

   1. Кенжетайым
Кенжетайым, қарашығым,
Салтанаты өмірімнің,
Мен майданға
аттанарда
Өмірге сен келіп
едің.
Кіп-кішкене жұдырығың,
Көз алдымда түйіп
алған,
"Басқыншы
бар көк астында
Тар - дегендей
дүние маған.
Күнбатыстан жау келеді,
Құлыныңды
қуырғалы,
Қорлап ата-бабамызды
Қабірінен
суырғалы!..
Дегендей-ақ
құлағыма
Сәби үнің келіп
жетті,
Әміріңді тыңдап
әкең
Жау қайдалап
жүріп кетті.
Оған қазір үш жыл бопты,
Ауыр күндер қалды
артта,
Нелер қиын белді
астық,
Бақытың үшін
мінгелі атқа.
Бүгін әкең молдаванның
Кең қонысын
жаудан қорғап,
Оқ астында
Днестрден
Жүзіп өтті атын
жалдап.
Сендей
бөбек
Бау ішінен қарсы шықты
Үш жасар сәби
маған
Дәл өзіңнің
жанарыңдай
Екі көзі
жаудыраған.
Қаз-қаз басып, құшақ жайып,
-          Папа! -
деді, маған келіп,
Қабақтағы
қасіретін
Қуанышы алған
жеңіп.
Жас бөбекті көтердім
де
Құшағыма қыстым
сүйіп,
Кінәсы жоқ
нәрестенің
Жас жанына
басымды иіп.
-          Атың кім ед,
құлыншағым?
-          Папа! -
дейді бөбек маған,
Шыр еткеннен о да сендей
Өз әкесін көре
алмаған.
Нәрестенің қайда әкесі:
Әлде кешіп жүр ме жалын?
Мүмкін оның
тізесінде
Отырсың сен,
құлыншағым!
Суретіңе қарадым
Бұл жас бөбек,
замандасың
Бауырың сенің,
қарағым,
Төс қалтамнан
алдым да мен
Суретіңе қарадым.
Көрді дағы
суретіңді,
Күлді бөбек
назданып,
Дәл өзінен
айнымаған
Пішініңе
таңданып.
Папа! -деді ол, маған қарап,
Әлде нені сұрады,
Мүмкін,"
мынау құрдасымның Қайда",- деді - тұрағы?
Мен картаны аштым - дағы,
Айттым туған
жеріңді,
Үш жыл бойы азат
еткен
Санап шықтым
елімді.
Күлді сәби түсінгендей,
Күлді ұзақ
сақылдап,
Алда тұрған
сапарымды
Қостағандай
мақұлдап.
Кенжетайым, үштесің сен,
Үште мынау құлыншақ,
Енді таяу - жауды
құртып,
Жеңіспенен қайтар
шақ!
Молдавия,
1944