ВЕРНУТЬСЯ

Түсіп тұр тереземнен күңгірт сәуле –Жайлаған күңгірт сәуле жым-жырт бөлме...Жанымды жеп барады түн-тыныштық,Жаралап, жабырқатып, үңгіп кеуде... Тұтылған әйнегіме – шаршы перде,Шаршатқан шаршы перде – жарты пенде!..Төсекте төңбекшимін түн орталап –Сыйғызбай ұйқысыздық  алшы төрге!.. Санамда сұп-сұр ойлар жұлқыласты,Жүйкемді піскіледі!..Мылтық атты!..Сарнатып сарыуайым көкіректі,Тағы да есімді алды – ұйқы қашты!.. Қашанғы жата берем есім танып,Қаржалып тысқа шықтым – ішім жанып!..Түн еді ай  сәулелі сүттей жарық –Қапелімде қаратпады көзім қарып... Аппақ қар Ай – Жұлдызбен салып ойын...Жалтылдап, қызықтаған түннің тойын!..Шомылып дүние жарығына –Азырақ байсал тартты тұлабойым...Құлақты түртеді аяз қылып ермек,Көңілім кеткендей ме көкті төрлеп...Ұйиды уыз ауа. Емге жел жоқ.Оралып үйге кірер менде жөн жоқ!.. Жол тартып Ай астына кеткім келді...Аяғым барған жерге жеткім келді!..Білмеймін кімге өкпелеп жүргенімді,Қағынып жынды адамдай тептім жерді!.. Келеді маған қарай біреу жосып...Ой, Алла-ай, діріл қағып, тұрдым шошып!..Мен құсап сәуір салған сорлы ма екен?..Әлгіні, не де болса, қалдым тосып...                                      Қаңтар – 2007