ВЕРНУТЬСЯ

Егіз шумақ елсізге қонып қалып,Ұйқастарым күбірлеп, сөніп қалып.Айтам деген ойым да ойға қашып,Шабытымды ұйқы-түн көміп қалып. Құр аты да қиялдың баспай қойып,Көңіл-аспан, ажарын ашпай қойып,Алақайлап асүйге жүгіреді,Саусақтарым қаламын тастай қойып. Арқамызда, өлеңнің жүгі, жүрсің,жұрт оны бірі білмей, бірі білсін.Ас үйде шәй-қазанмен бірге қайнап,әйелдің өлең жазған түрі құрсын.