ВЕРНУТЬСЯ

Көл жатыр жарқыраған шарайнадай,Аққу оны сындырды абайламай.Сәнiң бөлек, Зайсан көл, әнiң бөлек,Келбетiң құлпырады қалай-қалай. Көк майсасы – ғажайып гүлдi кiлем,Ақша бұлттар, Зайсанның түндiгi ме ең?Бiрiн-бiр айқай-шу естiмеушi ед,мұнда үнсiздiксөйлесер бiр-бiрiмен. Тып-тыныш,Көлдiң маңы абат қандай,Тұнықтыққа арнайы жаратқандай.Сұлулықтың ғажайып иран-бағы,Жаныңа жұмақтан нұр таратқандай. Көл жағалай жүгiрген тастар қандай,Қара тастан өрiлген дастандардай.Әуелде әлемдегi бар сұлулық,тап осы ғажап жерден басталғандай. Көлге кеп аунап жатқан аспан қандай,Көзiңдi сұлулыққа ашқан қандай.Толқыны саған келiп сәлем берiп,Қайтадан айдынына қашқан қандай!                  *  *  *Ақпан-ау, сен жүретiн алап қандай,Келбетiне ақ күмiс жалатқандай.Үдей түсер елсiзде аппақ боран,Мың бiр жылан жүгiрiп баратқандай. Ақ қарың –ұшып жүрген ақ қанатың,адасып кеткенiне мақтанатын.Әлемдi шарлай-шарлай жерге қонып,Ақыры тiршiлiкке тапталатын. Қайда кетiп барады ақ бораның?Дауыл боп қара түндi ақтарады үн.Ысқырынып,құтырып,өршеленiп,Айдаланы шарлап бiр жоқ қарадың.Ақша қар, зеңгiр көктен құлайсың бiр,Өмiрiңдi ұлпадан құрайсың бiр.Қыс бойы сайран салып,көктем келсе,Көз жасыңды көл қылып жылайсың бiр. Жылайсың бiр,қимайсың бұл өмiрдi,Үзгiң келмей мұздықтан күдерiңдi.Көз жасы етiп ақыры тауысасың,Көл қылып анау қар-қар жүрегiңдi. Мұңайма.Қалар артта талай күндер,Пәктiк тұр сенi өзiме балаймын дер.Сенiң қар-қар жүрегiң жатқан жерге,Күнi ертең қаптай өседi арай гүлдер.                    *  *  *Бос сөздер босағадан кiрiп алып,Ақпараттар жетедi құрық алып.Дауылына ықтырып әкетедi,Уақыт менiөзiмнен жұлып алып. Уақыт сенiң үнiңмен санасқан ба,Дал боласыңқұлқынның бағы асқанда.Шұбырынды тобырға айналасың,Жандүниеңөзiңнен адасқанда. Аса алмай тадырдағы бұраң өрден,Жолдар аз бақұдыққа құлап өлген.Дәл солай құлай жаздап. . .құлай жаздап,аман қаламжер көрiп құлан өрген.Сол сәтте бар күшiмдi жиямын да,Тарының қауызына сиямын да,Ұшып бара жатамын,елдi тастап,Елсiздiң шабыт деген қиянында. Сан-сапат жолдан өтем,Ордан өтем,Жолыма керiлген сан тордан өтем.Шөл кезiп,таудан асып,теңiз кешiп,Өзiмнiң жандүниеме зорға жетем. Зорға жетем,Таңды ұрттап қазыналы,Сағынышым – жаныма азық әлi.Зорға жетем,жанкештi қияметпен,Қайран өлең тек сонда жазылады.