ВЕРНУТЬСЯ

Жусанның исі-ай, дедің сен бірде қыр шығып,Жұпарына оның жан дүниең елтіп тұншығып.Жауқазын гүлі өзіңсің нағыз сол қырдың,Жарасқан содан жұптасып біздің тіршілік. Жаныммен сүйем, жаратқан ием – Даламды,Жүрегім менің Даламнан жылу, нәр алды.Жусанын қалай қаласа көңілімДәл сендейАруын солай аңсадым жәудір жанарлы. Көзіңде сенің – бұлақтың мөлдір келбеті,Қылығың бейне ботаның кейпі ерке тым.Жанымда өзің отырсаң қасың қиылып,Қазағым жайлы күйімді терең шертемін. Өмірде мені өзіңе қосқан - бағым бар,Шабытты жардан алады шайыр-ақындар.Бақытым тұнып жүзіп жүр сенің көзіңде,Жыр болып содан шашылар жақұт-лағылдар. Жүрегің берген, асылың көрген арысыңЖүйткіген мынау ғұмырда бермес намысын.Жастықтың оты, көңілдің шаты көктемдей,Жасаймын бәрін жалынды ыстық жар үшін.

Автор: