ВЕРНУТЬСЯ

     Жанарың тұрды от шашып,

Кеудеме құйып бұла күш.

Қайтатын болсаң қоштасып,

Төбемнен, құстар, жылап ұш.

Ән салыңдаршы топтасып,

Тебіреніп мен де тындайын.

Белдеуден кетсін ат қашып,

Алыстап қалған жылдайын.

Ерке қыз егіз бұрымды,

Лауласын сезім тұншықпай.

Айта алман, сірә, сырымды,

Ақ қайындарға тіл шықпай.

Жүректің сырын тындаған,

Ғашықтар таққан алқадай.

Еркімді менің ұрлаған

Қайдасың, қайран қалқам-ай?

Арулар көрсе қалатын сүйіп,

Нәзіктеу еді жүрегім.

Аурухананың халатын киіп,

Ауыр ойлардан жүдедім.

Көктем де келді, көгерді дала,

Көнердің неге, көңілім?

Өріле аққан Өгемді қара,

Өгемдей еді-ау өмірім.

Жылжымай қойса сағаттан сағат,

Сырласым болдың көк халат.

Қалмады менде тағаттан-тағат,

Жолыңа сенің көп қарап

Әйнектен жаттым телміріп сыртқа,

Ағылып жатты адамдар.

Аяқтайтұғын сендіріп жұртқа

Жырларым бар-ды тәмамдар.

Бақытқа бәрін бөлемей ме екем,

Келмеді қолдан, жазығым...

Жауап қайтармай, елемей өтем

Медсестралардың әзілін.

Қалғанда жалғыз кеп ішінде мен,

Қалқам-ай, үнсіз мұнданам.

Айтпасаң айтпа, кәбісін білем,

Ақтарған сырын тұн маған.

Қап-қара шашы беліне түскен,

Тып-тығыз толық анары...

Қара «Волгадан» еріне түскен,

Сүйген ем бір қыз баланы.

Жаңбырлы кеште жаңбырда қалып,

Екеуміз әбден малшындық.

Жыр боп өріліп, сан қырға барып,

Жатталып мәңгі қал, шындық.

Инженер болдық, мамандық қой бұл,

Тұрса да көзде жасын жыр.

Жыр жазбау деген жамандық қой бұл,

Санамда қазір Қасым жүр...

Жасыра алмай сырымды кейде өзіңнен,

Кібіртіктеп алдында сөйледім мен.

Хор қызына ұқсаттым ерке өзінді

Қып-қызыл көйлегіңмен.

Сағыныштың сарқылмас сазын алып,

Сезім отқа тамызық тамызалық.

Кешір, қалқам, ағанды, жүрегіңе

Жасағысы келіп түр базыналық.

1976 ж.