ВЕРНУТЬСЯ

    Былтыр күзде ауру таптым. Биыл шүкірмін.    Ауырғалы қағаз қаралап отырғаным осы.                                                                 Автор. Болғаны ма күнәм қалың?..Шырқау шыңға шыға алмадым!..Не болғанын біле алмадым...Іште қалды жүз арманым!.. Белгілі ғой сыры маған –Бұл аурудың түрі жаман!..Сол қолым бар – суымаған...Оң қолым бар – жылымаған... Оң жақ көзім, оң құлағым –Нашарлығы болды мәлім...Қаным ұйып, болдырамын –Тамырларым тоңдырамын...Былдыр-былдыр тілім – жарты...Ұмытшақпын – миым жарты...Боп-боз болған түрім – жарты...Домбырасыз үнім – жалқы!.. Кем-кетігім «түгенделіп»...Бостан – босқа күлем келіп!..Сәл нәрсеге жылаймын да –Тоқтай алмай жүрем кеміп!.. Ойда жоқта инсульт соққан!..Аман қалдым ажал-оқтан!..Қара қоңыз емеспін бе –Дүние боғын домалатқан?.. Мен сорлыны жақта, Құдай!..Үсті-үстіне атпа бұлай!..Балаларым жастау еді-Жарты жаным сақта, Құдай!..                                   Қыркүйек – 2008