ВЕРНУТЬСЯ

     Бір
күні түнде түсімде,

Кетіпсің
жалғыз
адасып.

Қараңғы
түтін
ішінде,

Қап-қара
таудан әрі асып.

Бұлыңғыр
екен тау жақ та,

Аспанда
жүзген ай да жоқ.

Шығыппын
іздеп аулаққа:

"Қанатым
менің қайда?" - деп.

Қара
бұлт тұрды қатулы,

Қабағын
ашпай түнеріп.

"Көрдім,
- деп мені шақырды,

Шыңдағы
тұрған бір елік:

-      Әкетті Бағдагүліңді,

Таппайсың,
енді кешіктің..."

"Папа"
- деп қалған үніңді,

Алыстан
бір-ақ есіттім.

Сұрадым
сосын бұлақтан,

Бұлқынып
аққан сайға кеп.

Сұрадым
биік қыраттан,

"Қарағым
менің қайда?" - деп.

Қаратау
тұрды қатулы,

Қабағын
ашпай тас түйіп.

"Көрдім,
- деп мені шақырды,

Жағада
жүрген жас
киік:

-      Аралап жалғыз тау-шыңды,

Барады,
- деді, - кешіктің"

"Папа!"
- деп қалған даусыңды,

Шалғайдан
тағы есіттім.

Жүгірдім
солай, көз
жазып,

Қалсам
да...

(бар
ма, пайда жоқ?)

Алыстай
берді кең жазық,

Алдымның
бәрі тайга боп...

Адасып
қалдым ақыры,

Тоғайдың
қалың ішінде.

Оянсам
жылап жатырмын,

Жоғалтып
сені түсімде...

Қайтейін
күнім!

Кешіктім,

Өзіңнен
шалғай - шет едім.

Осынау
таңда есіттім,

Түс
емес, шындық екенін.

Қайтейін,
жанға батты мұң,

Тоқтапты
сенің сағатың..

Алдыңнан
туып ақ күнің,

Жарылқай жүрсін, қанатым!