ВЕРНУТЬСЯ

    Жауды жарып босағадан, 
Тумен бірге
көтеріп таң,
Кескілескен
айқастан соң
Селоға ендік біз
ерте кеп.
Зыр жүгіре кешіп жалын,
Қуанышқа бөлеп
жанын,
Бір жас сәби құшақ
жайып,
Алдымыздан шықты
еркелеп.
Көз аудармай қызыл тудан:
-          Айтшы, -
деді ол, - айтшы тұмам...
-          Не сұрамақ едің, бауырым?..
Мен көтеріп алдым жерден.
Кірпігінен сүртіп жасын,
Көкірегіме сүйеп басын,
-          Аға, деді, -
ол сізбен бірге
Болар мүмкін әкем
келген?
-          Келді, бауырым, анаң жоқ па?
-          Әне, асылған
бір бұтаққа.
Аяғынан құшақтадым
"Мама, мама, түс!" дей бердім.
Шошынып та кеттім өзім,
Тек алартып екі
көзін,
Тіл қатпастан
тербеледі.
Көмек сұрап сізге келдім...
Кеш қалыппыз, кешір бауырым
Жау өртіне жанып
аулың,
Туып өскен
мекеніңнің
Орнында тек күлі
қалған...
Сүйендім мен шарбағыңа,
Намысы ортақ
Украина,
Жыртқыш сұмдар
жүрегіңе
Ұмытылмас жара
салған.
Тұрмын ауыр
қасірет тартып,
Алма бағын жалын
шарпып,
Қарауытып
сырықтары
Омырылып түскен
жарға.
Бұтағына бұлбұл қонған,
Махаббатқа сая болған
Қасиетті ақ теректер
Айналыпты бүгін дарға...
Селк етті ұлан, басып жүзін.
Үрейленбе, батыр
інім,
Ол партизан
зеңбірегі
Жаңғырыққан сонау таудан.
Мүмкін тіпті әкең сенің,
Алтын жастық өміріңнің
Әрбір тамшы жасың
үшін
Алып жүрген кегін
жаудан...
Болмайсың сен
енді жетім,
Жылама, інім,
бекін, бекін,
Жатырқама мен де
әкемін,
Енші, солдат
құшағыма!
Жас сәбиге нұрың шаш та,
Азаттықтан алға
баста,
Жебе бізді, жебе
намыс,
Жеңістің шың
ұшарына!
Сватово, 1943