ВЕРНУТЬСЯ

Көктің жүзін бұлт басыпты қоймалжың,Көкке қарай көзім сүзіп ойландым.Көктемеде тамар деймін тамшы-шық,Көк-жасыл боп сәні кірер жайлаудың.Көк аспаным көздің  жасын іркіп жүр,Құймай ма екен баяғыша сіркіп бір.Түк түсінбес тымырсыған дүние,Табиғатты бұ не түлен түртіп жүр?Тірі өліктей боп-боз сиық, реңі,Кім біледі  жаралы ма жүрегі?Жауа алмаған көшті бұлттар үдере,Әлденеден ұшқандай боп үрейі...

Автор: