ВЕРНУТЬСЯ

          Алматыдан шыға келсең көз алдың - 
Көк бөрікті Жәкең
ауылы - өз ауылың,
Шығады одан қара
шаңырақ иесі,
Қара қазан, қара
саба, ожаудың.
Шығады одан бесік исі, сүт исі,
Құдай әсте
арылтпаған құт исі,
Арылмаған
балалардың аузынан
Айран исі, құрт
исі, қатық исі.
Түтін исі, анаң жаққан от исі,
Тердің исі, атаң
мінген ат исі,
Көрік исі, көмір
исі ағаштың,
Темір исі, ескі
үзеңгі - тат исі.
Өлең исі, күмбір-күмбір күй исі,
Қой маңырауы,
қара малдың күйісі,
Балалардың
төбелесі, күресі,
Ел аулақта
ғашықтардың сүйісі.
Ұзынағаш, Қара
Қастек, Үш Қоңыр -
Төрт мезгілде
алуан-алуан түсті өңір.
Келтірмейді
соларды еркін жайлауға
Қайран біздің
шолақ өмір, қысқа өмір.
Жәкеңдей боп шама
қайда жүз жасар,
Жаратылдық
жазмышта біз нашар.
Тоқсан жаста
ғашық болған Жәкем-ай,
Қырық жаста
қасымыздан қыз қашар.
Қайран ауыл,
қайран бауыр, көп туыс,
Алматыда
тығылатын жоқ қуыс.
Кәзір кетем,
атым, әне, дайын тұр,
"Жамбыл"
деген жазуы бар автобус!
Караша,
1993 жыл