ВЕРНУТЬСЯ

    Жарылғыш зат Кеңесте көп болатын,

Мылтықтар да көп еді оқталатын.

Қолды болған жылқыдай ізім - ғайым

Бұлқынғандар бір түнде жоқ
болатын.

Қабағынан қайғы өшпей мұңды ананың,

Бағы жанған қай кезде құм-даланың.

Мина көмген жерлер де көп болатын,

Күлін көкке ұшырған тулағанның.

Қаймақ қанша төгілген тасып барып,

Ғұмыр кешті ел түгел жасып,
талып.

Қаншама ерлер жоғалды аңдаусызда

Мина көмген жерлерді басып қалып.

Сорғалатып көзінен жаңбыр жасын,

Елді неге ант бұзған ант ұрмасын.

Сүйеп тұрған
қазақтың Рухы еді ғой,

Саңырауқұлақ
Кеңестің қабырғасын.

Қатқыл жерге қақ тұрған - бақ тұнбаған,

Қай елді ерттеп бұл Кеңес ат қылмаған.

Бойындағы асылын сығып алып,

Күні бар ма қазақты лақтырмаған.

Атасының жүргендей
құны қалып,

Ит қорлықты көрсетіп, қыбы қанып, -

Желтоқсанда сұм
Кеңес нар қазақты

Лақтырғанда шегедей жұлып алып.

Ойлағанда даласын жатқа толған,

Табылмасын неге елден баққа қорған.

Қабырғасын соққан-ды бұрқақ атып,

Желтоқсанда Ар-намыс атқа қонған.

Тал бойында тулаған
асыл қаны,

Кекке ұласып жастардың ашынғаны.

Қабырғасын сөккенде қақыратып,

Кірпіштейін жалған
ба шашылғаны.

Арлы анадан Азаттық аңсап туған,

Жас күштерге Ар жолын ән caп қуған.

Кеңес шыдап тұра алмай опат болған

Ескі үйлердей сүйегі қаусап тұрған.

Жолдан туған баладай,ол-үкімет

Қоғам еді шикі өкпе жаңсақ туған.