ВЕРНУТЬСЯ

(Шығарылған әнді де, сазгерді де ұмыттым. Өлеңім қалды).Бірге өскен құсым едің қарғадайдан,Арманның ақ қанатын айға жайған.Ұшырып алыппыз-ау махаббатты,Бүгінде арамызды жалғамайды ән!         Қайырмасы:Жалғамайды ән!..Самғамайды ән!..Жарылып қалған айнам!..Арман-құс ұшып кеткенҚонушы ед талға қайдан?.. Бұл қалай жүдеткенің өрімталды?Жолыңа қарай-қарай көзім талды...Сен мені ақын қылдың арманы көп,Үзіліп жүрегімнен сөзім тамды!..         Қайырмасы:Сөзім тамды!.. Көзім талды!..Күйреттің сезім-талды...Мен бір құс сыңар қанат,Ұшарға жерім тар-ды!..                               1968 ж.