ВЕРНУТЬСЯ

Өткiр сәуле қара түндi пышақтап,Жынды әуеннiң ыржақтайды тiсi аппақ.Өз сүйегiн өзi шашып ойнаған,Жын-шайтанның моласына ұсап қап. Жынды әуенБасын ала қашқанда,Есiрген би оған дүрсiл қосқанда.Жер үстiнде қаза тауып өзге үн,Төбемiзден безiп шығар аспан да. Сол дүрсiлден тұнып түннiң құлағы,Ұйқылардың быт-шыт болып шыдамы.Гүлзардағы гүлдiң миы шайқалып,Өлеңiмнiң күл-талқаны шығады. Жапырағын ұйықтата алмай дархан бақ,Есер әуен ақыл-ойды талқандап.Тыныштықты жыртып-жыртып лақтырып,Қара түндi сабағандай арқанды ап.Қара түннен кiмдер көшiп кете алар,Өмiр қайда, өлең қайда бет алар?Қара түннiң қожайыны бiз дейдi,Түнгi клуб, есер дискотекалар. Таң сыз бере басылады солып паң,Қала тұрар шыққандай боп тамұқтан.Көшелерiм мең-зең, дел-сал.Есер үнтына қалар,Жасқайды оны Жарық Таң. Тыныштық-ай, пiспей қалып тұр мәуең,Бұл сұмдыққа тапсам деймiн бiр дау-ем.ЕндiЖарық күндi жайлар деп қорқам,Түндi бiзден тартып алған жынды әуен.                     *  *  *Шырт ұйқыда жатыр ару Астанам,Мына бiздей ақындарын тоспаған.Ақ қалам да ұйқылы-ояу қалғиды,Сөйлемдердi сүйреп әкеп тастаған. Көшеде қыс. Ақ шабытын жүз бұрап,Ақындарға елiктейдi мызғып ап.Жан түсiнбес жазуларын жазады,Сауатсыз мұз тереземдi сызғылап. Қалар артта көсегесi көк түндер,Қалады ғой бар болса да жоқ күндер.Көше бойлай, бүршiк жарып, мәз болар,Саясаттан түк хабары жоқ гүлдер.Сол гүлдерден басқа жанды менсiнбей,Тiршiлiкпен арадағы елшiмдей,Тiл ұшына қайта-қайта оралар,Өлеңдерiм қағаз бетiн жерсiнбей. Көктем келер, ақ бұлттарын басқарып,Қуаныштан көздерiнен жас тамып.Шөл даланың келер сұлу көктемi,Құйындардың шеруiмен басталып. Өлең келер, өзiн-өзi қамшылап,Одан  сұлу жаздың дәмi тамшылап,Желбiреп бiр шығар жердiң бетiне,Жусандар да өзiн құмнан аршып ап. Сол жусанға қызығамын, сенемiн,Сары даладан тапқан барлық керегiн.Тiршiлiктiң мына бiтпес құмынан,Мен өзiмдi арши алмай келемiн.            *  *  *Тентек желШашын жұлып шаптыққанда,Қаңбақ ұшар iлесiп дақпырттарға.Ала жаздай бiр тамшы жаңбыры жоқ,Құр қол келiп кетедi ақ бұлттар да. Алатаудың  жетер ем бұлтын ала,Көнбейдi ол сөзiңе де, ырқыңа да.Далада  сап-сары боп күйiп кеткен,Сағыныштың қалыпты сырты ғана. Бұл дала  небiр мiнез жасайды анық.Уақыттың да жүйткидi тасы айналып.Сахнадан адасқан билер сынды,Далада өлер құйындар басы айналып.Кеудесiндей киiктiң дала жоны,Үн-түнсiз қалады сол,Қалады оңы.Елсiзде келе жатсаң,Қарсы алдыңнан,Жүгiрiп өте шығар қара жолы. Қара жол.Кiмдi iздейдi?Қай таңбасын?Бiледi ол жанға мұңын айта алмасын.-Қай жаққа барасың?- деп. сұрашы одан,-Еш жаққа бармаймын,- деп  шайқар басын. Жаз кетер.Күз де кетер жүз белгi сап,Жел де кетер жұтып ап iздердi ұсақ.Тек қара жол кетпейдi бұл даладан,Қалаға көшiп алған бiздер құсап. Құм оны көмбесе екен бұйраланып,Үзiлiп, сөнбесе екен қидаланып.Бiр күнi ол да кетiп қалмаса екен,Өзiн мына даладан жинап алып.                 *  *  *Өкiнемiз iшкен асты қоя сап,Қарманамыз ақыл-ойды жая сап.“Бол, бол!” деумен қаратпады тарихқа,Сағатына қарап тұрған саясат. Бiз тапқанша азат күндi, жарықты,Сыпырғанша  бойдан құлдық-қамытты,жылнамамның беттерi өлiп, кей тұста,әрiптердiң жұрты ғана қалыпты. Тiрi жанға тiл қатпайды құба бел,Балбал тас боп тұрп қалған қыран ел.Көп бедерiн сүрте-сүрте таусыпты,Жер шарына сыймай жүрген мына жел.Талайларда түп-тамыр жоқ, мұра жоқ,Талайларға от кiнәлi, кiнәлi оқ.Теңiздер бар бiр тамшысы қалмаған,Аңқау желдiң түпнұсқасы, сiрә, жоқ. Желдiң жасы неше де екен, кiм бiлген?Әлде сол ма. . . тас-тарихты бүлдiрген.Жел боп соққан қызғаныштар қаншама,Өткен күндi қарауылға iлдiрген. Күлтегiннiң көк тасына қарашы,Неше жерден оқ тигенiн санашы.Ендi қашан жазылады тарихтың,Денесiнде жатқан осы жарасы?Тарих деген қазынаңды танытқыз,Бiз – ескiден жеткен сәуле, жарықпыз.Алтын адам, халқым, сенiң түпнұсқаң,Бiздер алтын өмiр сүрген халықпыз. Сан белесте бiр жүрiп, бiр тоқтала,Бостандыққа ендi жеттiк сақтана.Азаттықтың жолы, әрине, қым-қиғаш,Түзу жолмен ұшатын тек оқ қана.