Ассалаумағалейкүм!
Кел, кел, бауырым!
Сенікі мынау - жатқан
Өлкең, аулың!
Бір кезде оң қарамай,
Теріс қарап,
Көрсетсе өгейсітіп желке, жауырын!
Ол - оның кінәсі
емес, Заманы сұм.
емес, Заманы сұм.
Кездесті, болмады ғой амалы шын,
Туған жер,
ата-баба, қара қоныс
ата-баба, қара қоныс
Жаралған бұл
дүниеде қазағы үшін.
дүниеде қазағы үшін.
Ал ашты көңіл сарай, жан қақпасын,
Енді ешкім бет
қайтарып қол қақпасын.
қайтарып қол қақпасын.
Астына алтын
толқын мұхитына
толқын мұхитына
Құйыл сен көктен,
жерден, қара тасқын!
жерден, қара тасқын!
Ол тасқын - қазақ
тасқын, ұлт тасқыны,
тасқын, ұлт тасқыны,
Елімнің жұмырлығы,
жұптастығы,
жұптастығы,
Тарихта түңғыш
рет ту көтеріп
рет ту көтеріп
Шыққан күн - еш
қазақтың ұмытпас күні!
қазақтың ұмытпас күні!
Көріскен, құшақтасқан, алып ұшқан,
Жүрекпен
жүздерінен жалын ұшқан,
жүздерінен жалын ұшқан,
Балқиды Алматының
ақ аспаны
ақ аспаны
Сарғайған сан
заманғы сағыныштан!
заманғы сағыныштан!
Даусыңнан айналайын "бауырымдаған!"
Түспе-түс қандай ұқсас
қаның маған,
қаның маған,
Исіңнен айналайын
бұрқыраған
бұрқыраған
Баяғы беріп
кеткен қайран бабам!
кеткен қайран бабам!
Ал, кәне, беліңді шеш, деміңді бас,
Алдына тартылды
бас, берілді ас,
бас, берілді ас,
Сары қымыз
сапырулы, сапар кесе,
сапырулы, сапар кесе,
Жайылды ақ
дастарқан елу құлаш.
дастарқан елу құлаш.
Ашылды Алтай, Арқа, Атырау көк
Алатау
"қайдан жүрсің, батыр-ау!" деп,
"қайдан жүрсің, батыр-ау!" деп,
О, шіркін, өз
алдыма күнім туса,
алдыма күнім туса,
Бәріңді отыр едім
шақырам,- деп.
шақырам,- деп.
Жаңғырып жатыр жан-жақ думан-думен,
Бас қосқан
бақытты сәт - туған күнмен. -
бақытты сәт - туған күнмен. -
Дариға,
тіршіліктің рақаты-ай!- деп,
тіршіліктің рақаты-ай!- деп,
Бауырлар,
шетсіз-шексіз қуандым - мен.
шетсіз-шексіз қуандым - мен.
Кел қазақ,
емін-еркін кеш әлемді,
емін-еркін кеш әлемді,
Қабыл ал құттықтау
мен көп сәлемді,
мен көп сәлемді,
Қабыл ал
тебіренген ақын жаннан
тебіренген ақын жаннан
Құйылған мына тұста
осы өлеңді!
осы өлеңді!
28 қыркүйек, 1992 жыл
- 79 просмотров