ВЕРНУТЬСЯ

Ақынын иттей қабады-Өлеңді қайтсін адамы!..Дүние қуған қазаққа –Мал-мүлік болса, жарады!.. «Ақырып теңдік сұраған!..»-Махамбет еді ірі адам!..Сөзі өтпей төре-қазаққа-Қызғыш құстайын жылаған!.. Қазаққа – ол да жақпаған!..Оған да – сұмдық сақтаған!..Абайды қайтсін «кіл надан»-Дүние боғын таптаған!.. Жұмекенімді-білмеген!..Мендейді- көзге ілмеген!..«Ақша!.. Ақша!..Бизнес!.. Капитал!..Қазаққа – Ай мен Күн!»-деген!..Жүрегім- жаным тыншымай-Өртенем, күйем шырпыдай!..«Пендеңді – қара күйеденТазартшы,-деймін,- бір Құдай!..» Қазақтан – күдер үзбеген!..Қияли ақын – біз деген!..Кім үшін өлең жазамын?..Сорлымын соны білмеген!.. Көп қуған қызыл түлкіні-Інге де кірер бір күні!..Рухы - өлді қазақтың!..Қалғаны- жебір құлқыны!..                               Сәуір – 2009