ВЕРНУТЬСЯ

(Әділбай Жүсіп шығарған әні бар)Шаттанып, тасып едім,Білмеймін көз тиді ме?..Сен-дағы ғашық едің,Білмеймін, сөз тиді ме?         - 2 рет Адасқан мен болдым ба,Жұлдызын айыра алмай?..Аңыраған сен болдың ба,Тұйғынын қайыра алмай?        - 2 рет Жапырақ желмен ұшып,Күзгі бақ күрсінгенде –Бақытты кездер үшінӨкініп жүрсің бе, әлде?           -  2 рет Жастық-ай, сыймай жерге,Құйқылжып, құйындаған!..Мені енді қинай берме,Бақытым бұйырмаған!..          -2 рет                              1968 ж.