ВЕРНУТЬСЯ

Маңғыстау – қазақ байтағында ежелден өзіндік өнер дәстүрі қалыптасқан, өзінің ән, әүй, жыр мектептері бар ерекше өлке!..Қазақ күйінің кемеңгерлері: Абыл мен Есір, жыр телегейі Мұрын, ән сұңқарлары: Қайып пен Қойбас шыққан бұл өлкеде ғұмыр кешкен өнер тарландары жүздеп саналатын шығар!.. Сондықтан, оларды тізбелеп жатудың жөні болмас!..Мақала мақсатына орай «Қайраткері мен батыры, ақыны мен биі елеп-ескерілгенде – Маңғыстаудың өнеріне неге ескерткіш қоймасқа?» - деген орынды сауал туады. Біздіңше жауабы айқын бұл сауал – ешқандай қарсы пікір туғызбаса керек!.. «Ал, сонда – таңдау қандай болмақ?..» «Үміткерлер» - тым көп!..Бізді ерекше қинаған да – осы соңғы сауал!.. Ұзақ ойланып-толғаны жүріп, ақыры, анық тоқтағанымыз – «Адайдың – жеті қайқысы» болды!.. «Ондай тоқтамға не себептен келдіңіз?»-деп сұрарсыз. Айталық. Біріншіден, бұлар біреу емес, екеу емес, өнер саңлақтарының үлкен тобы – жеті адам».. Бірдің еңбегі қандай – жеті адамның еңбегі қандай?!. Екіншіден, «Адайдың – жеті қайқысы...» деген отты тіркестің: қашан да селт еткізіп, қанша естісең де, жалықтырмай, естіген сайын – көкірегіңде дүбір салып, жүректі лапылдатып қоятын «кереметі» бар!.. Үшіншіден, мұндай ескерткіш: «қайқыларды» білмейтін сырттан келген мейманға, немесе кейінгі жастарға таныстыру үшін – таусылмайтын әңгіме, таптырмайтын тақырып емес пе?!.Ендігі бір ескертпе: «Жеті қайқы – көп адам!.. Кейде бір адамның мүсінін – келістіре алмай жүрген жайымыз бар!.. Оның бәрін ескерткіш-кесенеде қатарластыра тізіп қойғанда – көзге қалай көрінбек, көңілге қандай көрік бермек?.. Асылы, бұл – мүсінші-шеберлерден ерекше шығармашылық ізденісті, тың шешімді талап ететін жұмыс болса керек!..Тақырыпшаға нақты пікір: Жаңаөзен қаласында мүмкіндігінше, кең алаңда – «Адайдың жеті қайқысына» ауқымды ескерткіш ашылса!..