ВЕРНУТЬСЯ

   Көкжиектен қызарып ай туғанда, 

Кел, кел, - деген қалып кеткен

жылдар ма?!

Қара тастай тілсіз қалған жүректі,

Бір сағыныш алып келді бұл маңға.

Келе алмасам күйікті ғып кетерсің,

Түсімде де көп шақырған мекенсің.

Тау ма десем сүрі қардан тәж киген,

Ағысы ерке ақ бастауым екенсің.

Көзіңді ашып, дәл түбінен шоқ

талдың,

Құшағынан қашыпсың тас қапталдың.

Көз ұшында қарауытқан шоқылар,

Ертектегі батырлар ма деп қалдым.

Көлеңкесі жерді жапқан екінді,

Жасыра алмай қойғанға Айдан бетіңді.

Сылқ-сылқ күлсең...

Құлақ түріп қыр жатыр,

Менің аңқау балалығым секілді.

Сағынышым - жұмбақ жылдар,

сырлы ойлар.

Құпиялы тереңіңе кім бойлар?!

Сені көріп сылқ-сылқ күле жөнелді,

Менің-дағы кеудемдегі бір қайнар...